50280
Тоқаев Вьетнамға ресми сапармен барды
Тоқаев Вьетнамға ресми сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысын Ханойдың «Ной Бай» әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.
Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.