Месси әлемдегі титулы ең көп футболшы атанды

Месси әлемдегі титулы ең көп футболшы атанды

Месси әлемдегі титулы ең көп футболшы атанды
ашық дереккөзі
50323
Лионель Месси доп тебетін "Интер Майами" клубы Лига Кубогының финалында Нэшвиллді жеңді. Кездесудің негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Ал ойын соңындағы пенальти сериясында Аргентиналық аяқдопшының командасы 10:9 есебімен басым түсті, деп хабарлады turkystan.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. Ал негізгі уақытта Месси мергендігімен көзге түсті. Бұл өзінің жаңа командасы үшін 10-ыншы голы болатын. Осылайша, Лео жаңа командасы сапында өзінің кезекті кубогын жеңіп алды. Алайда бұл "Интер Майами" тарихындағы алғашқы жеңіс болатын. Жалпы алғанда аргентиналық үшін бұл кубок клубтық турнирлер мен ұлттық құрамалар деңгейінде 44-ші трофей болатын. Бұл көрсеткіш бойынша ол мансабын аяқтаған бразилиялық қорғаушы Дани Альвесті жеңіп, бірінші орынға шықты.

Серіктес жаңалықтары