Павлодарда жол апатынан 6 адам зардап шекті

Павлодарда жол апатынан 6 адам зардап шекті

Павлодарда жол апатынан 6 адам зардап шекті
ашық дереккөзі
50342
Павлодарда екі көлік соқтығысып, алты адам зардап шекті, деп хабарлады turkystan.kz. Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 тамыз күні сағат 20.30 шамасында Солтүстік өнеркәсіптік аймақ, 97/1 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратқа қарама-қарсы  Lada Granta  және Mercedes маркалы автокөліктер соқтығысқан.
«Жол-көлік оқиғасы салдарынан Lada Granta автокөлігінің жолаушылары – екі бала мен екі ересек адам, сондай-ақ екінші  көліктің жүргізушісі мен жолаушысы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді», - делінген хабарламада.
Автокөліктер айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша тексеру жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.

Серіктес жаңалықтары