Қонаевта 39 жастағы ер адамның денесі табылды

Қонаевта 39 жастағы ер адамның денесі табылды

Қонаевта 39 жастағы ер адамның денесі табылды
ашық дереккөзі
50403
Қонаевта 39 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлады turkystan.kz. 20 тамызда сағат 20.55-те Қонаев қаласының «Рауан» шағынауданында, «Boot Station» демалыс аймағының жанында ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының күштері 1984 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарған.
«Ер адам шамамен 20:05-те толқын басқыдан (толқын басқы - бұл ағындардан, толқындардан және дауылдан қорғауға арналған жағалаудағы аймақта салынған тұрақты құрылыс) суға секіру кезінде қайтыс болды. Дәрігерлер алдын ала «мойыны сынған» деген диагноз қойды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен қатар оның қасында болған үш жеке тұлғаға ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша 36225 теңге сомасында әкімшілік айыппұл салынды», - делінген хабарламада.
ТЖ департаменті жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы мен 2 жүзу құралы жұмылдырылды.

Серіктес жаңалықтары