Мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме? – Министр нүкте қойды

Мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме? – Министр нүкте қойды

Мектепте хиджаб киюге рұқсат беріле ме? – Министр нүкте қойды
ашық дереккөзі
50704
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың өткен аптада мектеп оқушыларының хиджаб киюіне байланысты пікірі әлеуметтік желіде талқыға түскен болатын. Министр осы тақырыпқа нүкте қойды, деп хабарлады turkystan.kz.
«Біздің мемлекетіміз Конституция бойынша зайырлы ел деп есептеледі. Мектеп те зайырлы. Оның үстіне 2016 жылы мектеп формасына қатысты бекітілген бұйрық бар. Онда ешқандай өзгеріс болмады. Сондықтан мектеп формасына қатысты талап бойынша оқушылардың барлығы мектепке тек мектеп формасымен келу керек. Барлығы заң аясында және белгіленген тәртіп бойынша болуы қажет, - деді министр Үкімет кулуарында.

Серіктес жаңалықтары