50358
Әйгілі әнші өмірден өтті
Әйгілі әнші өмірден өтті
Әйгілі әнші, композитор Тото Кутуньо 80 жасында қайтыс болды, деп хабарлады turkystan.kz.
Италияның ANSA агенттігінің мәліметі бойынша, әнші Миландағы Сан-Рафаэль ауруханасында көз жұмған. Менеджері Данило Манкузо агенттікке әншінің көптен бері сырқаттанып жүргенін, кейінгі кезде ұзаққа созылған ауруынан жағдайы күрт нашарлағанын айтты.
Әншінің L’italiano, Buonanotte әндері Италия ғана емес, сондай-ақ, шет мемлекеттерде де кеңінен танымал.