Қазақстандықтардың көпшілігі қай салада жұмыс істейді?

Қазақстандықтардың көпшілігі қай салада жұмыс істейді?

Қазақстандықтардың көпшілігі қай салада жұмыс істейді?
ашық дереккөзі
50321
2023 жылдың II тоқсанында Қазақстан экономикасының түрлі салаларында 9,6 млн адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлады turkystan.kz. Олардың ішінде 6,9 миллион адам жалдамалы жұмыспен қамтылса, 2,2 миллионы өзін жұмыспен қамтығандар. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, салалар бойынша жұмыспен қамтылғандардың үлесі: - сауда – 16,6% - білім – 12,9% - өнеркәсіп – 12,3% - ауыл шаруашылығы – 12,2% - құрылыс – 7,1% - көлік және қойма – 7% - денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет көрсету – 6,2% - мемлекеттік басқару және қорғаныс; міндетті әлеуметтік қамсыздандыру – 5,8% - басқа да қызмет түрлері – 3,9% - кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет – 3,1% - әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету – 3% - тұру және тамақтану қызметтері – 2,4% - қаржы және сақтандыру қызметі – 2,2% - ақпарат және байланыс – 2% - жылжымайтын мүлік операциялары – 1,6% - өнер, ойын-сауық және демалыс – 1,5%.
«Өткен жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда жұмысшылар санының азаюы ауыл шаруашылығында байқалған – 19 мың адамға, жылжымайтын мүлік операциялары бойынша – 18,9 мың адамға, құрылыста – 9,5 мың адамға, өнеркәсіпте – 7 мың адамға, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету бойынша – 6,4 мың адамға, өнер және ойын-сауықта – 6,3 мың адамға. Қалған өзге салаларда қызметкерлер саны керісінше өскен», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары