Елімізде мектепке дейінгі қанша ұйым бар?

Елімізде мектепке дейінгі қанша ұйым бар?

Елімізде мектепке дейінгі қанша ұйым бар?
ашық дереккөзі
50538
Өткен жылы елімізде мектепке дейінгі ұйымдардың саны 11 104 бірлікті құрады. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 2,1% артық (2021 – 10 871бірлік), деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Олардың ішінде: 4638 – қалалық жерде (+237) 6466 – ауылдық жерде (-4) Меншік нысаны бойынша оның 5 681 – мемлекеттік (51,2%), 5423 – жеке меншікте (48,8%). 2021 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 233 бірлікке өскен. Бұл ретте қалалық жерлерде олардың саны 237 бірлікке артса, ауылдық жерлерде керісінше 4 бірлікке азайған.
«Мектепке дейінгі ұйымдар саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 1369 бірлік. Алғашқы үштікке Алматы облысы – 1142 және Алматы қаласы – 899 кірді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтердің көлемі 182,8 млрд теңгені құрады. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 21,3% көп (2021 жылғы 1-тоқсанда – 150,6 млрд теңге).  

Серіктес жаңалықтары