Пригожиннің сүйегі мәйітханаға жеткізілді

Пригожиннің сүйегі мәйітханаға жеткізілді

Пригожиннің сүйегі мәйітханаға жеткізілді
ашық дереккөзі
50470
Ұшақ апатынан қаза тапқан Евгений Пригожиннің сүйегі Тверь мәйітханасына жеткізілді. Бұл туралы МК басылымы мәлімдеді, деп хабарлады turkystan.kz. Мәйітхана аумағын әскерилер мен тәртіп сақшылары қоршап тұрғаны белгілі болды.
«Пригожиннің ұшағында қаза тапқандардың сүйегі Тверь мәйітханасына жеткізілді. Оны қауіпсіздік күштері – әскерилер, тәртіп сақшылары қоршап тұр. Бұл жерде коммуникация тоқтап қалған», – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Тверь жерлеу агенттігі Евгений Пригожиннің денесі Тверь облыстық сот-медициналық сараптама бюросында екенін мәлімдеді. Айта кетейік, кеше бортында «Вагнер» жеке әскери компаниясының басшысы Евгений Пригожин мен оның оң қолы Дмитрий Уткин мінген жеке ұшақ Ресейдің Тверь облысында апатқа ұшырап, он адам қаза тапты.

Серіктес жаңалықтары