«100% қосылады»: қыркүйектен бастап кімдердің жалақысы көбейетіні белгілі болды

«100% қосылады»: қыркүйектен бастап кімдердің жалақысы көбейетіні белгілі болды

«100% қосылады»: қыркүйектен бастап кімдердің жалақысы көбейетіні белгілі болды
ашық дереккөзі
50570
Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табиғатты қорғау инспекторларына қосымша ақы төлеуді көздейтін бұйрыққа қол қойды, деп хабарлады turkystan.kz.
«ҚР Мемлекеттік орман күзеті қызметтерінің, табиғатты қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторларының және жануарлар дүниесін қорғау, ормандарды қорғау, өсімін молайту және орман пайдалану жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторларының, балық шаруашылығы су айдындары немесе учаскелерін балықтандыру бойынша өсімін молайту кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлеріне денсаулыққа және өмірге зиян келтіру қаупімен байланысты жұмыс үшін лауазымдық ақыдан 100% мөлшерде қосымша ақы төленсін», - делінген министр қол қойған бұйрықта.
Құжат  жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң, яғни, 2 қыркүйекте күшіне енеді.  

Серіктес жаңалықтары