Түркістан тұрғыны жұмысшысының атынан несие рәсімдеп, қомақты қаржы алған

Түркістан тұрғыны жұмысшысының атынан несие рәсімдеп, қомақты қаржы алған

Түркістан тұрғыны жұмысшысының атынан несие рәсімдеп, қомақты қаржы алған
ашық дереккөзі
50351
Түркістанда жұмысшысының атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды, деп хабарлады turkystan.kz. Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық жасағанын айтқан, деп жазды Polisia.kz. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды. Тәртіп сақшылар ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған алаяқты ұстауға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде оны тәулік ішінде анықтап, Полиция басқармасына жеткізді. Ол жәбірленушінің сауда дүкеніндегі иесі, жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам қоластындағы жұмыс істейтін қызметкерінен сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен оның телефонынан банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп алған. Ал қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратып жіберген.

Серіктес жаңалықтары