420
Алматы үлкен айналма тас жолына 350 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Алматы үлкен айналма тас жолына 350 млрд теңгеге жуық инвестиция салынады
Алматыдағы үлкен айналма тас жолына салынатын инвестиция көлемі шамамен 350 млрд теңге, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Өздеріңіз білетіндей, көшедегі көлік кептелісі көптеген ірі мегаполистерде бар. Біз мұны жүйелі түрде шешуді көздеп, транспорттық реформаны бастадық. Елбасы тапсырмасымен соңғы 15 жылда 30 жол айырығын салуға 300 млрд теңге жұмсалды. 2018 жылы аяқталатын тағы екі жол айырығы негізгі көшелердегі кептелісті азайтады», - деді Бауыржан Байбек 2016 жылғы Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылау жиынында. Сонымен қатар, әкім Алтын-Орда базары маңындағы жолды кеңейту жұмыстары биыл басталып, күрделі көлік мәселесін шешетінін айтты. Биыл құрылысы жоспарланып отырған Алматы үлкен айналма автомобиль жолы қаланың транзит жүктемесінен азайтады. «Айналма жол Батыс Қытай мен Европа арасындағы логистикалық хаб ретінде Алматының экономикалық әлеуетін арттырады. Жобаға шамамен 350 млрд теңге инвестиция салынады деп жоспарланған. Бұл жаңадан мыңға жуық жұмыс орнын ашып, алматылық компанияларды жұмысқа тартады», - деді әкім.