50358
Баласының көзінше анасын ұрған азамат ұсталды
Баласының көзінше анасын ұрған азамат ұсталды
Қарағанды облысында әйелге шабуылдаған күдікті ұсталды, деп хабарлады turkystan.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 25 тамызда түнгі уақытта Криминалдық полиция басқармасы, Қарқаралы аудандық полиция бөлімі мен «Арлан» арнайы мақсаттағы қызметкерлерінің Қарағанды қаласында жүргізген бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарқаралы ауданы тұрғынына шабуыл жасады деген күдікпен 30 жастағы азамат ұсталған. Күдікті облыстық Полиция департаментіне жеткізілді.
"Қазір алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр" деп жазды полиция департаментінен.