Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құрт шықты

Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құрт шықты

Шымкентте 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құрт шықты
ашық дереккөзі
50382
Шымкентте дәрігерлер 14 жастағы қыздың бауырынан 9 сантиметр эхинококк құртын алды, деп хабарлады turkystan.kz аймақтық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. Жасөспірім 21 тамызда ауыр халде түскен. Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне іш ауруы симптомы мазалаған баланы ата-анасы қабылдау бөліміне әкелген. Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған. Жедел түрде науқасқа ота жасалған.
«Эхинококк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 22 тамызда жасадық. Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен, яғни, ота тіліксіз жасалынды. Бала отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары