Бауыржан Байбек: Картоп бағасы "Алтын ордаға" қарағанда орталықтағы супермаркеттерде арзан

Бауыржан Байбек: Картоп бағасы "Алтын ордаға" қарағанда орталықтағы супермаркеттерде арзан

Бауыржан Байбек: Картоп бағасы "Алтын ордаға" қарағанда орталықтағы супермаркеттерде арзан
ашық дереккөзі
320
Алматы әкімі Бауыржан Байбек азық-түлік бағасының неге базарларда емес, супермаркеттерде арзан болып келетінін түсіндірді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі. "Біз әлемдік ритейлерлерді біртіндеп тартып жатырмыз. Мәселен Carrefour. Ол жерде картоп бағасы "Алтын орда" базарына қарағанда төмен. Қалайша дейсіз бе? Біздікілер бәрінен пайда көргісі келеді. Біз 57 базарды мәдениетті арнаға бұрамыз, олармен жүйелі түрде күресу керек. Ғаламтор саудасы да дамып келеді. Базарлар біртіндеп керексіз болады. Базардан кетпегендер, ертеңгі күні тақырға отырады. Адамдар дұрыс жағдайда жұмыс істеуі керек", - дейді әкім тұрғындармен есептеік кездесу кезінде. Сонымен қатар, әкім азық-түлікті базардан гөрі сауда орталықтарынан алған тиімді екенін түсіндіре кетті. "Тұрғындарға сауда үйлеріндегі бағалар сәл қымбат болғанымен, таза, ыңғайлы, әдемі екінін түсіндіруіміз керек, даладағыдай емес. Тазалық талаптарына сәйкес келмейді, не алып жатқаныңыз түсініксіз, тауардың сапасы қандай екені белгісіз. Шағын және орта бизнес ірі өкілдерге қарағанда жылдам дамитыны белгілі. Ойын-сауық орталықтары маңында үнемі жұмыс істейтін шағын және орта компаниялар ашылады. Қызмет көрсетеді, жұмысын жүргізеді", - дейді Бауыржан Байбек.

Серіктес жаңалықтары