Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты
ашық дереккөзі
50343
Қарағанды облысында 3 адамның өмірін қиған жол-көлік апаты болды, деп хабарлады turkystan.kz. ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 27 тамыз кешкі сағат 18:30 шамасында Қарағанды - Аягөз - Бұғаз тасжолында, Қарқаралы қаласынан 20 шақырым жерде болған.
«Алдын ала болжам бойынша, Mercedes-Benz автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі көліктің басқаруына ие бола алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы Toyota Land Cruiser 100  автокөлігімен соқтығысқан», - делінген хабарламада.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза болды. Ал Toyota Land Cruiser 100-дің жүргізушісі мен екі жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары