Тәжікстанда қаңтар айынан бері 250 қар көшкіні тіркелген

Тәжікстанда қаңтар айынан бері 250 қар көшкіні тіркелген

Тәжікстанда қаңтар айынан бері 250 қар көшкіні тіркелген
ашық дереккөзі
371
Душанбе-Чанак көлік жолындағы «Истиклол» туннелі ондаған адамның панасына айналған. Тәжікстанның Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз хатшысы Умеда Юсупова Айнинға кетіп бара жатқан жолдың өте нашар екенін, қазір онда 80 адам тұрып қалғанын айтады.
«Құтқарушылар IRS қызметкерлерімен бірге адамдарды құтқарды. «Истиклол» туннелі ондаған адамдардың панасына айналды. Қазір туннелдің ішінде қауіпсіздік мақсатында 28 жүк көлігі, 14 жеңіл көлік бар»,- дейді Умеда Юсупова. IRS компаниясының баспасөз хатшысы Далер Абдуллоев қауіпті аймақтан 17 жолаушыны құтқарып, «Истиклол» туннеліне орналастырғанын айтады. Олардың алтауы балалар екен. Оның сөздерінше, туннелдің ішінде адамдар тамақтанатын азық-түлік қоры бар. Қазіргі уақытта Душанбе-Хужанд тас жолындағы қозғалыс тоқтаған. Умеда Юсупованың сөздерінше, көлік жолын қар басып қалған. Душанбе-Хорог жолы да жабық. Далер Абдуллоев бүгін IRS компаниясының үш қызметкерінің денесі табылғанын айтады. 18 ақпан күні аталған компанияның жеті қызметкері қар көшкінінің астында қалып қойған. Оның төртеуі дер кезінде құтқарылған. Ресми мәлімет бойынша, үстіміздегі жылдың қаңтар айында 250 қар көшкіні тіркелген.

Серіктес жаңалықтары