Көпбалалы әкім балаларын мектепке дайындауға қанша қаражат жұмсағанын айтты

Көпбалалы әкім балаларын мектепке дайындауға қанша қаражат жұмсағанын айтты

Көпбалалы әкім балаларын мектепке дайындауға қанша қаражат жұмсағанын айтты
ашық дереккөзі
50656
Жетісу облысы Көксу ауданының әкімі балаларын оқу жылына дайындауға қанша қаражат жұмсағанын айтты, деп хабарлады turkystan.kz «Голос народа» басылымына сілтеме жасап. 47 жастағы Марлен Көлбаев жұбайымен сегіз бала тәрбиелеп отыр. Бүгінде ұлдарының екеуі Алматыдағы жоғары оқу орындарында оқыса, тағы төртеуі жергілікті орта мектептерде білім алып жатыр.
«Қызым тұрмысқа шыққан, бөлек тұрады. Одан кейінгі екі ұл студент. Олар университетте грантта оқиды. Ал төртеуі мектепке барады, 9, 8, 5, 3-сыныпта оқиды. Ең кенжесі балабақшада. Алтауына биыл 500 мың теңгедей қаражат кетті. Менде көбі ұл болғандықтан кішілері үлкендерінің былтырғы формасын киеді», - деді әкім.
Оның айтуынша, бұл шығынға мектеп формасы ғана емес, кеңсе тауарлары да кірген.

Серіктес жаңалықтары