Журналист Талғат Рысқұлбеков туралы тың мәліметпен бөлісті

Журналист Талғат Рысқұлбеков туралы тың мәліметпен бөлісті

Журналист Талғат Рысқұлбеков туралы тың мәліметпен бөлісті
ашық дереккөзі
51226
Журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде «Қызыма орамалмен білім алуына рұқсат етпесе, иншаАллах, Шешенстанға көшемін» деген Талғат Рысқұлбеков туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлады turkystan.kz. Журналист Талғаттың анасымен бірге Қайрат Рысқұлбековтың бейітіне барғанын еске алды. Оның айтуынша, Талғат Рысқұлбеков білімді, сөзі өтімді болған, кезінде талай шенді одан аяқ тартқан.
«Мен журналистиканы бастағанда қандай от жігіт еді.  Ел, жер, рух деп тұрған.  Талай шенді оның мысынан қорқатын. Семейдегі марқұм  Қайраттың басына алғаш барған сапарына мен ілестім. Анасы топырақты құшып аңырады, Талғаттың аузынан шыққан сөздер мірдің оғындай, сөз емес ұрандай айтылды. «Бұл мына түрімен екінші 86-ны бастайды. Қайраттың туған інісі ғой, дегенмен... 20 жыл бұрынғы бәленшенің плавный жоспары өз нәтижесіне жетіпті», - деді Гүлмира Әбіқай.
 

Серіктес жаңалықтары