Әнші, актриса елден жасырған дерті жайлы айтып, көзіне жас алды

Әнші, актриса елден жасырған дерті жайлы айтып, көзіне жас алды

Әнші, актриса елден жасырған дерті жайлы айтып, көзіне жас алды
ашық дереккөзі
51279
Әнші, актриса Сара Амангелді әлеуметтік желіде көрінбей кетуіне не себеп болғанын айтты, деп жазды turkystan.kz. Әнші оқырмандарына осыған дейін өзін мазалап келген дерті жайлы айтты.
«Кішкентай кезімнен құлағым ауырады. Екі рет ота жасалды, сонда да әлі ауырады. Онсыз да дұрыс естімеймін. Сол үшін намыстанып жылаймын. Дәрігерім «Қалай ән айтып жүрсіз?» деп таңғалады. Сәл құлағым ауырса, қатты күйзеліске түсіп кетемін. Естімей қаламын деп қорқамын. Әлеуметтік желіден көрінбей кетуімнің себебі осы» деп жазды Сара Амангелді.
Айтуынша, бұл жайт жеке өміріне де әсер еткен.
«Кішкентай кезімде «ертең мен нашар естісем, күйеу алмайтын шығар» деп жылайтынмын. Кейін араласып жүрген жігіттер менде осындай проблема барын білгенде, бірден өзгеріп, өтірік сылтауратып, ұрысып кетіп қалатын. Не үшін екені белгілі шығар… «Ертең сенен туған бала сен сияқты бола ма?» деп айтқандар да болды» деп жазды әнші.
   

Серіктес жаңалықтары