Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
ашық дереккөзі
50331
Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқын ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
«Қазіргі Қырғызстанның жетістіктері Қазақстанда зор ықыласпен қабылданады, сондай-ақ көпжақты ынтымақтастығымызды достық, тату көршілік және өзара қолдау рухында одан әрі нығайтуға баса назар аударылады. Бірлескен күш-жігердің арқасында қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы бауырлас халықтардың игілігі үшін нығая беретініне сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.

Серіктес жаңалықтары