«AMANAT» кеңесінде кәсіпкерлерді толғандырған түйінді мәселелер талқыланды

«AMANAT» кеңесінде кәсіпкерлерді толғандырған түйінді мәселелер талқыланды

«AMANAT» кеңесінде кәсіпкерлерді толғандырған түйінді мәселелер талқыланды
ашық дереккөзі
50302
«AMANAT» партиясы филиалдары жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық секторды дамыту жөніндегі өңірлік кеңестердің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында кәсіпкерлік саласына қатысты өңірлерде қордаланып қалған түйінді мәселелер талқыланды. Астанада өткен басқосуға Сауда және интеграция бірінші вице-министрі, Ауыл шаруашылық вице-министрі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Парламент мәжілісінің депутаттары, «Атамекен» ҰКП өкілі мен бизнес қауымдастықтардың басшылары қатысты. Ал өңір азаматтары отырысқа бейнеконференц байланыс арқылы қосылды.  width=
«AMANAT» партиясы шілде айынан бері жауапты министрліктердің өкілдерімен өңірлердегі кәсіпкерлерді онлайн форматта кездестіріп, сұрақтарды ортаға салып, жауап алуда. Бүгінгі күнге дейін 16 өңірді тыңдадық. Әрбір өңірден 50-ден бастап 100-ге дейін кәсіпкер қатысты. Кезек оңтүстік өңіріне келді. Бүгін Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кәсіпкерлерін тыңдаймыз. Бүгін Мемлекет басшысы өз Жолдауында көптеген мәселелерді көтеріп, нүкте қойылды деп ойлаймын. «Ауыл аманаты» жобасына байланысты Президент өзінің ұстанымын айтты», - деді Партия Хатшысы Эльдар Жұмағазиев.
Іс-шара барысында Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының депутаттары мен кәсіпкерлері министрлік өкілдеріне тікелей сұрақтарын қойды.  width= Алғашқылардың бірі болып, Алматы облысы мәслихат депутаты сұрақ қойды.
«Кәсіпкерлік саласы шағын субьектілерден тұрады. Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау қолжетімді. Бірақ олар шектеулі, қатаң талаптар бар және жас кәсіпкерлерге қолжетімсіз. Мемлекеттік қолдауда жас кәсіпкерлердің үлесі өте төмен. Алматы облысының алыс аймақтарының кәсіпкерлері үшін кепілдік мөлшері тым аз», - деді ол.
Осы ретте аталған мәселеге қатысты Еңбек министрлігінің өкілі жауап берді.  width=
«Биыл біз жастар үшін жеңілдетілген микрокредиттерді беруді бастадық. 2,5 пайыз. Алматы облысына келетін болсақ, 1,9 млрд жуық қаражат бөлінді. 375  адамға арналған. Оған қосымша, биыл гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына қарастырылған. Бірақ олардың арасында жастар да бар. Бүгінгі күні 5317 грант берілді. Оның ішінде 744 грант жастарға берілген. Алматы облысында 30-ға жуық жас азаматтар грант алған», - деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі.
Сондай-ақ, жиын барысында Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының кәсіпкерлері тікелей байланысқа шығып, тиісті сала өкілдеріне өздерінің сұрақтарын қойды.

Серіктес жаңалықтары