Сарапшы қазақстандық нокаутшының лас әрекетке баруына не себеп болғанын айтты

Сарапшы қазақстандық нокаутшының лас әрекетке баруына не себеп болғанын айтты

Сарапшы қазақстандық нокаутшының лас әрекетке баруына не себеп болғанын айтты
ашық дереккөзі
50335
World Boxing News порталының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Жан Кособуцкийдің (19-1, 18 КО) нигериялық Эфе Аджагбамен (18-1, 14 KO) жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, деп хабарлады turkystan.kz.  26 тамыз АҚШ-тың Талса қаласында өткен бокс кешінде Кособуцкий қарсыласын белден төмен ұра бергендіктен дисквалификация алып, карьерасында алғаш рет жеңілді.
«Кособуцкий мүмкіндігін пайдалана алмағаны өте өкінішті. Аджагбамен жекпе-жек оның дивизион элитасына апарар жолдамасы еді. Жан қобалжуын баса алмаған сияқты. Аджагба тыйым салынған соққы жасап, оны төреші көрмей қалуы ықтимал. Алайда мұндай деңгейдегі жекпе-жекте концентрацияны жоғалтуға болмайды. Қазақстандық боксшы жолы болатынына сенімін жоғалтып, қарсыласын өзінше жазаламақ болды. Өте өкінішті жағдай. Ол әлеуеті зор боксшы», - дейді Джей.

Серіктес жаңалықтары