50367
Атырауда құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі тәркіленді
Атырауда құны 67 млн теңге болатын заңсыз темекі тәркіленді
Атырауда құны 67 миллион теңге болатын заңсыз темекі тәркіленді. Бұл туралы Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінен мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
Рейд барысында ведомство қызметкерлері 100 мыңға жуық заңсыз темекі өнімін анықтаған.
«Кәсіпорын мемлекеттік кірістер органдарында темекі өнімдерін көтерме сатушы ретінде тіркемей жұмыс істеген», - делінген хабарламада.Тексеріс қорытындысы бойынша материалдар процестік шешім қабылдау үшін сотқа жіберіледі.