Еліміздің дамуына экономикалық серпіліс беретін уақыт келді – Геннадий Шиповских

Еліміздің дамуына экономикалық серпіліс беретін уақыт келді – Геннадий Шиповских

Еліміздің дамуына экономикалық серпіліс беретін уақыт келді – Геннадий Шиповских
ашық дереккөзі
50243

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Геннадий Шиповских Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған маңызды мәселелерге қатысты пікір білдірді.

"Құрметті халайық, ардақты ағайын, бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің сегізінші шақырылымының, екінші сессиясы өзінің жұмысын бастады. Парламенттің қоспалаталық отырысын еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ашып, өзінің Қазақстан халқына жолдауын жасады. Жолдаудың басты бағыты экономикалық блог болды. Яғни біз қазір саяси реформалардан экономикалық реформаларға көшіп жатырмыз. Еліміздің дамуына экономикалық серпіліс беретін уақыт келді. Жолдауда маңызды мәселелер айтылды. Басты маңызды жаңалықтар - болашақта “Су ресурстары министрлігінің”құрылуы. Себебі елімізде және тіпті әлем бойынша су тапшылығы мәселесі күрделеніп бара жатыр.

Екінші басты жаңалық - қайтадан “Көлік-логистика министрлігінің” құрылуы. Менің ойымша, бұл мәселе баяғыдан бері логистика саласында жүрген барлық қызметкерлерді толғандыруда. Мемлекетіміздің көлік потенциалы өте жоғары және біз оны толығымен іске асыра алмай жатырмыз. Ал министрлік қайтадан құрылса, логистиканың барлық саласын дұрыстап әрі тиімді пайдалануға болады", - дейді депутат.

Серіктес жаңалықтары