Қазақстандықтардың орташа жасы қандай?

Қазақстандықтардың орташа жасы қандай?

Қазақстандықтардың орташа жасы қандай?
ашық дереккөзі
50355
Қазақстандықтардың орташа жасы анықталды, деп хабарлады turkystan.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде орташа жас – 32 жасты құрады. Орта жас өсімі ерлер мен әйелдер арасында да, ауыл мен қала тұрғындары арасында да байқалған.
«Жыл басындағы ерлердің орташа жасы 30,5 жас болса, әйелдерде – 33,7 жас. Қала тұрғындарының орташа жасы ауыл тұрғындарына қарағанда жоғары, сәйкесінше 32,6 және 31,5 жас», - делінген хабарламада.
Өңірлер арасында ең жоғары орташа жас Солтүстік Қазақстан облысында – 38,9 жас, ең төменгі орташа жас Маңғыстау және Түркістан облыстарында – 27,6 жастан.

Серіктес жаңалықтары