Қытай нарығына жол тартқан Қазақстан көліктері

Қытай нарығына жол тартқан Қазақстан көліктері

Қытай нарығына жол тартқан Қазақстан көліктері
ашық дереккөзі
353
Қытай нарығына «Қазақстанда жасалған» маркалы автокөліктер шығарыла бастады, – деп хабарлайды 24.kz арнасы. Зауыт жыл соңына дейін 3 жарым мың көлікті экспорттайды. Бүгін Өскеменде 120 темір тұлпар вагондарға тиеліп, Қытай шекарасына аттанды. Бүгінде қазақстандық жүргізушілердің дені отандық автокөліктерді тізгіндеп жүр. Жылдың басында Өскемендегі автозауытта 555 жеңіл көлік сатылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артық. 2016 жылы Қырғызстан мен Түркіменстан нарығына шыққан қазақстандық көліктер енді Қытайға экспорттала бастады. Отандық автокөліктердің алғашқы легі Қытай еліне 100 данамен аттанған еді. Темір тұлпардың сапасы көршілес елдің көңілінен шыққандай. Енді Қытай көшелерінде «Қазақстанда жасалған» маркалы автокөліктер жүйіткитін болады. Бұл – отандық автоөндірістің тағы бір жетістігі. Дегенмен, «Қазақстанда жасалған» жол талғамайтын автокөліктер талғамы жоғары көршілерді тәнті етті. Вагонға тиелген 120 автокөлік шекара асып, 1 апта ішінде иелеріне жеткізілмек. «Менің ойымша, Қытай нарығын бағындырғанымыз үлкен жетістік. Ондағы мүмкіндіктер орасан. Екінші жартыжылдықта Қытайға тағы 800 автокөлік жіберіледі. Жыл соңына дейін олардың санын 3,5 мыңға жеткізу көзделуде», – дейді «Азия авто» АҚ вице-президенті Андрей Толстиков. Автокөліктер сапалы, жол талғамайды әрі арзан. Зауыт механигі Павел Александров қытайлық тұтынушылардың ықыласына бөленген «Нива» көлігінің анағұрлым ыңғайлы екенін айтады. «Біз бұл көліктердің қарапайым болғанына үйреніп қалдық. Қазір олар ыңғайлы бола түсті. Алдыңғы орында жылыту құрылғысы, кондиционер қойылды. Жаңартылған шанақтар орнатылды», – дейді механик Павел Александров. «Азия Авто-ның» жеке логистикалық паркі бар. Ол арқылы дайын өнімдерді тасымалдау тиімді. Бұл отандық кәсіпорынның экспорттық әлеуетінің тағы бір көрінісі.

Серіктес жаңалықтары