50917
Жастардан қатерлі ісік жиі анықталып жатыр
Жастардан қатерлі ісік жиі анықталып жатыр
Биыл жарты жылда 28 жасқа дейінгі 454 қазақстандықтан қатерлі ісік анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Азамат Дүйсенов айтты, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«2021 жылы барлығы 0-28 жас аралығындағы 949 пациент тіркелді. Бұл - қатерлі ісіктің тіркелген бастапқы жағдайларының жалпы санының 2,9 пайызы. 2022 жылы қатерлі ісік диагнозы 0-28 жас аралығындағы 1 057 пациенттен (тіркелген науқастардың - 3%) анықталды. 2023 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 0-28 жас аралығындағы 454 пациенттен қатерлі ісік (онкологиялық науқастардың жалпы санының 2,5%) анықталды», - деп жауап берді Азамат Дүйсенов.