Ұлттық құрама ойыншысы оқ тиіп қаза тапты

Ұлттық құрама ойыншысы оқ тиіп қаза тапты

Ұлттық құрама ойыншысы оқ тиіп қаза тапты
ашық дереккөзі
50372
Футболдан Панама ұлттық құрамасының ойыншысы Хильберто Эрнандес оқ тиіп қаза тапты, деп хабарлады Матч Тв. Панама футбол федерациясы (FEPAFUT) баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қайғылы оқиға Панаманың Колон қаласында болған. Қару кезінген бір топ адам Эрнандес пен достары отырған жерге келіп, оқ жаудырған. 26 жастағы спортшы оқиға орнында тілге келместен қайтыс болды. Одан бөлек, жеті адам ауыр жарақат алған. Хильберто Эрнандес Панама ұлттық құрамасымен қатар, «Атлетико Индепендьенте» командасында доп тепкен.

Серіктес жаңалықтары