524
Халықаралық "Қазақ күресі" федерациясы құрылды
Халықаралық "Қазақ күресі" федерациясы құрылды
Қазақ күресінің халықаралық федерациясы құрылды, – деп хабарлайды Астана арнасы.
Төл спортымыз қазақ күресін де болашақта жазғы универсиада, азиада, олимпиада ойындарының тізіміне қосу жоспары бар. Бұл мақсатты орындау үшін халықаралық «Қазақ күресі» федерациясы құрылды.
Құрылтай конгресінің жұмысына әлемнің 35 мемлекетінен мандаттар келген. Олардың барлығы дерлік өз елдерінде қазақ күресімен айналысып жүрген бапкерлер мен палуандар. Арасында 2016 жылы «Әлем барысы» атағын ұтқан кубалық Брайсон Ведаль Оскар Рене де бар. Еуропа мен Азия, Австралия құрлығында да қазақ күресі өркен жайып келеді.
Болашақта да осы жұмысты жүйелі жалғастырып, кеңінен насихаттау мақсатында, мандаттардың бірауыздан берген даусы мен халықаралық федерация төрағасы болып Қанат Бозымбаев тағайындалса, орынбасарлары Жақсылық Үшкемпіров, Дәулет Тұрлыханов болды. Олар жаңа орында айлық алмайды, алайда, күрестің дамуына күш саламыз деп отыр.
«Қазақ күресін болашақта қалай дамыту керектігі туралы жоспарлар мен бағыттар талқыланды. Бапкерлер мен мамандар тартып, оларды оқытып, стипендия төлеп, кейін елдеріне қайтарып, оларда залдардың арендасына көмектессек дейміз. Бұл халықаралық федерация, сондықтан осы 35 елде демеушілер қаржыландырады, әрине, Қазақстанның үлесі ерекше болатын шығар», – дейді ҚР Энергетика министрі, халықаралық «Қазақ күресі» федерациясының төрағасы Қанат Бозымбаев.