Жолдау шағын бизнесті дамытуға тың серпін береді

Жолдау шағын бизнесті дамытуға тың серпін береді

Жолдау шағын бизнесті дамытуға тың серпін береді
ашық дереккөзі
51369
Тараз қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы Алтай Айдын «АMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қала тұрғынымен кездесіп, өтінішін қабылдады.
Қабылдау кезінде қала тұрғыны үйінің артындағы шағын жерге ғимарат тұрғызып, балаларға арналған оқу орталығын ашқысы келетінін айтып жеткізді. Сондай-ақ, ол орталық немесе жалпы кәсіптің қай түрімен айналысқан дұрыс екенін сұрады.
Айдын Алтайұлы өтініш иесіне жан-жақты кеңес берді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында Үкіметтің шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізу керек екенін баса айтқанын сөз етті.

Серіктес жаңалықтары