Шұлықтарына жасырған: Шымкентте түнгі клубқа келушілерден есірткі табылды

Шұлықтарына жасырған: Шымкентте түнгі клубқа келушілерден есірткі табылды

Шұлықтарына жасырған: Шымкентте түнгі клубқа келушілерден есірткі табылды
ашық дереккөзі
50430
Шымкентте полицейлер түнгі клубқа келушілердің шұлықтарынан есірткі тапты, деп хабарлады turkystan.kz. Polisia.kz сайтының мәліметінше, рейдтік іс-шара барысында Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері қаладағы түнгі клубтардың бірінің кіреберісінде екі жасты тоқтатқан.  width=
«Тексеру нәтижесінде 22 жастағы бойжеткеннен ұнтақты заты бар шағын полиэтилен пакеті табылды. Тәртіп сақшылары дәл осындай ұнтақты оның 19 жастағы досынан да тапты. Олар есірткінің бір реттік дозасын қолданып көру мақсатында шұлықтарына жасырған», - делінген хабарламада.
Сараптама қорытындысы тәркіленген заттардың мефедрон екенін растады. Ұсталғандар есірткіні көшеден тауып алып, клубта көңіл көтеру үшін алып келгенін айтқан. Аталған жайт Әл-Фараби АПБ-да ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша тіркелді. Күдіктілерге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары