Бурабайда қонақүйдің 17 қызметшісі тамақтан уланды

Бурабайда қонақүйдің 17 қызметшісі тамақтан уланды

Бурабайда қонақүйдің 17 қызметшісі тамақтан уланды
ашық дереккөзі
50721
Ақмола облысындағы «Rixos» қонақүйінің 17 қызметшісі тамақтан уланып қалды. Оның ішінде 7 адам жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Rixos» қонақүйінің қызметшілері арасында бактериялық ішек инфекциясының 17 жағдайы тіркелгені анықталды. Инфекцияны жұқтырған 17 науқастың 7-еуі Көкшетау қаласының жұқпалы аурулар орталығына жатқызылды. Қалған науқастар амбулаторлық ем қабылдайды, жағдайлары қанағаттанарлық», - деді Ақмола облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Сәдуақасова. Департамент басшысы орынбасарының айтуынша, қазіргі кезде «Бурабай» Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «Rixos» қонақүйінің мейрамханасына жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр.
«Судың, тамақ өнімдерінің және шайындылардың сынамалары алынды, зертханада тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, қызметшілер тексеріліп, эпидемияға қарсы шаралар жалғасады», - деді Сәуле Сәдуақасова.

Серіктес жаңалықтары