50417
Алматыда ер адам жоқ пәтерлерді жалға берген
Алматыда ер адам жоқ пәтерлерді жалға берген
Алматы полициясы желіде пәтерді жалға беру туралы жалған хабарландыру таратқан шымкенттік азаматты анықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
Қылмыстық әрекетпен 25 жастағы Т. есімді азамат айналысқан. Polisia.kz. сайтының мәліметінше, жас жігіт ақпараттық интернет ресурстарды пайдалана отырып, тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар жариялаған.
[caption id="attachment_232768" align="alignnone" width="1200"] Фото:polisia.kz[/caption]
«Шын мәнінде күдіктіде жылжымайтын мүлік болмаған. Ол риэлторлық қызметпен айналыспайды. Тергеу кезеңінде оның осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Біз оның басқа да қылмыстарға қатысы бар болуы мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз. Осыған орай, бұл адамның әрекетінен зардап шеккен азаматтарды мына телефондар арқылы хабарласуын сұраймыз: 8-705-555-77-63; 8-778-591-91-35», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.