Атырауда 5 жыл құжатсыз жүрген шетел азаматы анықталды

Атырауда 5 жыл құжатсыз жүрген шетел азаматы анықталды

Атырауда 5 жыл құжатсыз жүрген шетел азаматы анықталды
ашық дереккөзі
50403
Атыраулық полицейлер 5 жыл құжатсыз жүрген шетелдікті анықтады, деп хабарлады turkystan.kz. AtyrauPress сайтының мәліметінше, Атырауда 14 тамыз - 30 қыркүйек аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
«Мақсат – көпқабатты үйлердің әрбір пәтерін, аулаларды, жеке үйлерді аралап, онда тұрып жатқан адамдар жайлы ақпарат білу және қару иелерін, ІІО-да есепте тұратын тұлғаларды тексеріп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізу, заңсыз көші-қонның жолын кесу. Сондай-ақ шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болу тәртібінің қағидаларын бұзушылықтарын анықтау», - делінген хабарламада.
Әкімшілік аумақты тексеру кезінде 2018 жылдан бері құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасының 1994 жылы туған азаматын анықтап, Атырау қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызмет бөліміне тапсырды.

Серіктес жаңалықтары