Алматыда 80 млн теңгенің жарық бағаналары ұрланды

Алматыда 80 млн теңгенің жарық бағаналары ұрланды

Алматыда 80 млн теңгенің жарық бағаналары ұрланды
ашық дереккөзі
50381
Алматыда 80 млн теңгенің жарықтандыру бағаналары ұрланды, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Алматының Алатау ауданында мүлік ұрлығы болғаны анықталды.  Кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері жарықтандыру бағандарының кем екенін байқап, полицияға хабарлаған.
«Ұрлық жасау деректері жазылған бейнебақылау жүйелері қылмысты ашуға көмектесті. Біздің ауданымызда 20-дан астам осындай эпизод жасалғаны белгілі болды. Қаскөйлер түнде ұрлық жасап жүрген. Олар ГАЗель жүк көлігімен келіп, жалға алынған манипуляторды айдап әкеліп, тура іргедегі шам бағандарын кесіп, ұрлап кеткен. Біз 50-ден астам ұрланған бағандарды тәркіледік. 32 жастағы және 24 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар УҰИ-ға орналастырылды. Заттай айғақ тәркіленді», – деді Алатау аудандық полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Серіктес жаңалықтары