Ұлытауда ер адам өзіне тұрмысқа шыққысы келмеген бойжеткенді көлікпен қағып, мерт қылды

Ұлытауда ер адам өзіне тұрмысқа шыққысы келмеген бойжеткенді көлікпен қағып, мерт қылды

Ұлытауда ер адам өзіне тұрмысқа шыққысы келмеген бойжеткенді көлікпен қағып, мерт қылды
ашық дереккөзі
50593
Ұлытау облысына қарасты Қаражал тұрғыны 28 жастағы қызды өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлады turkystan.kz. Оқиға Қаражал-Қарағанды ​​тас жолында болған. Марқұмның туыстарының айтуынша, жігіт қызды көлікпен қуалап, соңында жолдан әдейі ығыстырып аударып жіберген. «Патриот» Telegram арнасының мәліметінше, көлікте отырған бойжеткен оқиға орнында қаза тапты. Марқұм Арайлымның туыстары күйеу жігіт оны жиі ұрып-соғып, қорлық көрсеткенін айтады. Неке қиылғанға дейін олар Қаражалда бірге тұрған. Қайғылы оқиғадан бұрын қыз ата-анасына хабарласып, өзін алып кетуді өтінген. Алайда Қарағандыға қарай шыға берістегі жолда ішімдікке сылқия тойып алған күйеу жігіт оларды тоқтатып, көліктің терезесін темірмен ұрып, сындырған. Содан соң көлікті жүргізіп келе жатқан жігіт, яғни қалыңдықтың ағасының досы полицияға хабарласу үшін Қаражалға қайта бұрылған. Сол кезде мас күйеу жігіт олардың соңынан қуған. Ол бірнеше рет көліктің артқы бамперіне және сол жақ қанатына соққы жасаған. Қыздың туыстарының айтуынша, жігіттің мақсаты көлікті жол жиегіне қарай аударып жіберу болған. Көлігінің рөлін жол жиегіне қарай қасақана бұрып, алдындағы көлікті жол шетіне ығыстырған. Соның кесірінен көлік аударылып кеткен. Қыз оқиға орнында көз жұмды. Анасы мен ағасы екі досымен бірге жарақат алып ауруханаға жеткізілген. Осы оқиғаға қатысты Ұлытау облыстық Полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев пікір білдірді. Ол марқұм қыздың күйеу жігіті болған ер адам 6 қыркүйекте уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
«Көліктің не себепті жолдан шығып кеткенін анық білу үшін лак-бояу сараптамасының қорытындысын күттік. Қазір тергеушінің қолында күдікті көлігінің жәбірленушілер көлігінің бамперіне және сол жақ қанатына механикалық соққы жасағаны туралы сарапшылар қорытындысы бар. Ол қамау изоляторында. Тергеуші, сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 345-бабының «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» санатын 99-бап «Кісі өлтіруге» және 24-99-баптары бойынша үш жәбірленушіні «өлтіруге оқталу» деп өзгертті. Бұл істің тергеу барысын жеке бақылауыма аламын», – деді Ұлытау облыстық ПД бастығы Қайыркен Әлиев.
 

Серіктес жаңалықтары