Футбол: Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндия командасынан жеңіліп қалды

Футбол: Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндия командасынан жеңіліп қалды

Футбол: Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндия командасынан жеңіліп қалды
ашық дереккөзі
51106
Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі ойында Қазақстан құрамасы өз алаңында Финляндия құрамасымен ойнады, деп хабарлады turkystan.kz. Командалардың бастапқы құрамы мынадай болды: Қазақстан: Шацкий, Әліп, Быстров, Қуат, Дарабаев, Тағыберген, Вороговский, Скворцов, Айымбетов, Зайнутдинов, Марочкин; Финляндия: Храдецки, Хосконен, Йенсен, Иванов, Антман, Пукки, Шюллер, Кайринен, Алхо, Похянпало, Нисканен. Бірінші тайм аздаған қауіпті сәттермен басталып, командалар үзіліске голсыз шықты. Екіншісінде қонақтар ойынын үдете түсті, белсендірек болды. Магомед Адиев бірқатар ауыс-түйіс жасады, оның ішінде Максим Самородов пен Рамазан Оразовтың алаңға шыққанын айтуға болады. Шабуылдардың бірінде Марат Быстров пен Еркін Тапалов Оливер Антманды мүлт жіберіп алды да, ол айып алаңына еніп, Игорь Шацкийді дәл көздеп өтті. Қазақстан құрамасы алға ұмтылып, бірнеше мүмкіндік жасады, бірақ, өкінішке қарай, одан ештеңе шықпады, есеп – 0:1. 10 қыркүйекте Қазақстан өз алаңында Солтүстік Ирландия құрамасымен кездеседі. Қазақстан - Финляндия 0:1 (0:0) Гол: Антмен 78 (0:1).

Дереккөз: sports.kz

Серіктес жаңалықтары