«Қылмыскер сол кезде қамалғанда, қызым тірі болар еді»: зорлықпен өлтірілген 5 жастағы қыздың әкесі судьялар жайлы

ашық дереккөзі
50453
Түркістанда 5 жасар қызды зорлап өлтірген педофилге қатысты сот отырысы өтті. Сот отырысынан кейін 5 жасар қыздың әкесі Ержан Ержігіт журналистермен тілдесті, деп хабарлады turkystan.kz. Марқұм Еркежан Нұрмаханның әкесі сот отырысынан кейін болған жайтқа қатысты пікір айтты, деп жазды Azattyq Ruhy.
«Сот судьялары жазалануы керек. Кезінде Сарыағаштағы судьялар бұл қылмыскерді қамағанда қызым тірі болар еді. Бостандыққа шығарған сот, судья барлығы жазалануы керек. Судья, прокурорлар ақша алып, оны бостандыққа шығарып жіберді. Солардың барлығын жазалау керек. Отырыста қылмыскер кешірім сұрады. Бірақ одан бізге пайда жоқ. Қызым о дүниелік болды. «Ішіп алып, қалай істегенімді білмеймін» деді. Бірақ барлық кінә дәлелденді. Сараптама барлығын көрсетті», - деді Ержан Ержігіт.
Айта кетейік, бүгін Түркістан облысында 5 жасар қызды аяусыз өлтірген педофилге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.  

Серіктес жаңалықтары