COVID-19 қайта келді

COVID-19 қайта келді

COVID-19 қайта келді
ашық дереккөзі
51264
Коронавирусты жеңу әзірге мүмкін болмай отыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры індетке қарсы іс-шараларды жалғастыру қажеттігін айтты деп хабарлады https://turkystan.kz/ сайты https://24.kz/kz/zha-aly-tar/lemde/item/616571-covid-pen-k-res-zhal-asady-dds сілтеме жасап. Соңғы айларда COVID-19 салдарынан Таяу Шығыс пен Азия елдеріндегі өлім-жітім көбейген. Әзірге коронавирустың қай түрі көп таралып жатқанын ешкім айта алмайды. Өйткені әр кезде жаңа штамдар пайда болып жатыр. Мәселен, әлемнің 11 елінде вирустың жаңа түрі анықталды. – Қыс мезгілі жақындаған тұста әлемнің солтүстік бөлігінде коронавирустың таралу қарқыны бізді алаңдатып отыр. Таяу Шығыс пен Азияда өлім-жітім көбейді. Еуропаның бірқатар аймағындағы ауруханалардағы науқастар саны артты, – деп мәлімдеді  ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус. Модерна компаниясы COVID-19-ға қарсы жаңа вакцина дайындауда. Дәрі вирустың өзгерген түріне төтеп бере алады. Ол адам ағзасындағы антиденелердің үлесін 7-8 есеге дейін арттырады. Демек, вакциналау індетпен күресте маңызды құралы болып қала береді, – дейді мамандар.

Серіктес жаңалықтары