Әкесінің айлығын құмар ойынға салған азамат өз-өзіне қол жұмсады

Әкесінің айлығын құмар ойынға салған азамат өз-өзіне қол жұмсады

Әкесінің айлығын құмар ойынға салған азамат өз-өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі
50950
Ақтөбелік тұрғын әкесінің айлығын құмар ойынға салып жеңіліп, өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Полиция бөліміне үйінде өзіне қол жұмсаған жас жігіттің мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Облыстың 23 жастағы тұрғыны букмекерлік кеңседе 1 миллион екі жүз мың теңгеге жуық ақша ұтылғаны белгілі болды. Салдарынан жас жігіт өз-өзіне қол салған. Жігіт бұл қадамға келесі күні туған күні болатын әкесінің барлық жалақысын ставкаға салып ұтылғаннан кейін барған», - делінген хабарламада.
Жарты жыл ішінде ол құмар ойындарда 1 миллион 200 мың теңгеге жуық ақша ұтылған.
«Мұның бәрі ойын автоматтарынан басталған, содан кейін бұл ставкаларға ұласқан. Құмар ойындарда үлкен ақшаны жоғалтқаннан кейін арты осындай қайғылы жағдайға алып келген», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары