Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
ашық дереккөзі
50304
Қазгидромет 9-11 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады turkystan.kz. Демалыс күндері еліміздің барлық дерлік аумағында жаңбыр жауып, күн күркірейді. Синоптиктердің болжамынша, ылғалы мол солтүстік циклон ықпалына байланысты алдағы күндері бұлтты және күзгі салқын ауа райы болады.
«Қазақстанның барлық аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Батыста, солтүстікте, орталықта, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің басым бөлігіндегі ауа температурасы күндіз 10-20 градус жылыға дейін, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында 20-30 градусқа дейін жоғарылайды», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары