Астанада көпқабатты үйден секірмек болған ер адам құтқарылды

Астанада көпқабатты үйден секірмек болған ер адам құтқарылды

Астанада көпқабатты үйден секірмек болған ер адам құтқарылды
ашық дереккөзі
50272
Астанада полицейлер көпқабатты үйден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды, деп хабарлады turkystan.kz. «102» арнасы бойынша көпқабатты үйлердің бірінен белгісіз азамат 8-қабаттың терезесінен секірмекші болғаны туралы қоңырау түскен. Құрамында полиция капитаны Асылхан Молдағалиев пен аға лейтенант Қуат Сембеков бар автопатруль оқиға орнына жетті. Полицейлер келгенде ер адам балкон терезесінде қолымен асылып тұрғанын байқаған. Тәртіп сақшылары, жедел жәрдем қызметкерлерімен бірге ер адамды қолынан ұстап, ішке тартып кіргізген.
«Біз экипаж мүшесі ретінде балконда асылып, төменге секірмекші болған ер адам тұрған жерге бірден жеттік. Санаулы секундтарда жоғары көтеріліп, оның қолынан ұстап, пәтерге кіргіздік», - деді Асылхан Молдағалиев. Ер адамға медициналық және психологиялық көмек көрсетілді. Полицейлер 28 жастағы жігіттің мұндай жағдайға баруына не түрткі болғанын анықтауда. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары