Ақмола облысында жасөспірім қыз кешеден бері табылмай жатыр

Ақмола облысында жасөспірім қыз кешеден бері табылмай жатыр

Ақмола облысында жасөспірім қыз кешеден бері табылмай жатыр
ашық дереккөзі
50380
Көкшетау қаласының тұрғынынан 2006 жылы туған қызы Лейла Асхатқызы Тойбазарды іздеуге жәрдемдесу туралы өтініш келіп түскен, деп хабарлады turkystan.kz Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. Жасөспірім 7 қыркүйек сағат 15.00 шамасында үйден белгісіз бағытқа шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның қайда жүргені белгісіз. Ол бұған дейін де бірнеше рет үйден кетіп қалған. Бойы – 155 см, арық денелі, қоңыр көзді, шаштары қара және қысқа, маңдайының оң жағында кішкентай тыртық бар. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті жилет, басына қара кепка киген. Қазіргі уақытта іздеу жұмыстарына еріктілер де қосылды. Хабар-ошарсыз кеткен жасөспірімнің орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерден, Сәтбаев көшесі, 1 «а» мекенжайындағы Көкшетау қалалық ПБ-не немесе 8 (7162) 29 96 00, 8 707 119 87 19 телефондары арқылы хабар беру сұралады.

Серіктес жаңалықтары