«Қарт адамды кемсіткеніне шыдай алмадым»: Әкім автобуста қарияға араша түскен қызды марапаттады

«Қарт адамды кемсіткеніне шыдай алмадым»: Әкім автобуста қарияға араша түскен қызды марапаттады

«Қарт адамды кемсіткеніне шыдай алмадым»: Әкім автобуста қарияға араша түскен қызды марапаттады
ашық дереккөзі
50835
Алматы әкімі автобуста зейнеткерге араша түскен қызды марапаттады, деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев 15 жастағы Жаннұр Нұржанға қоғамдық көлікте қарияға көмек көрсету кезіндегі мейірімділігі мен батылдығы үшін грамота мен естелік сыйлық табыс етті.
«Мен сіз түсірген бейнені желіден көрдім және көптеген алматылық сияқты бұл оқиға да мені де бейжай қалдырмады. Бір жағынан, ол жолаушылардың әрекетіне қынжылдым, ал екінші жағынан, сіздің әрекетіңізге риза болып, өзіңізбен мақтандым», - деді әкім кездесу барысында.
Қамқорлықтың үлгісін көрсеткен жас қыздың батылдығы жұртты сүйсінтті. Алматы қаржы-экономикалық колледжінің 2-курс студенті өзін қолдағандарға алғыс айтып, барлық адамға қамқорлық көрсетуге шақырды.
«Ол адамның орнында менің атам болуы мүмкін еді деп ойладым. Сол себепті басқаша әрекет ете алмадым. Қарт адамды сөзбен қорлағанына, кемсіткеніне шыдай алмадым. Өзім атаммен бірге тұрамын, оған әрдайым қамқорлық, сыйластық танытамын. Менің тәрбиемде ол маңызды рөл атқарады», - деді Жаннұр.
Естеріңізге сала кетейік, Алматының 119-маршрутында қарт адам тосап салынған құмыраны байқаусызда сындырып алды. Кейбір жолаушылар оны айыптай бастағанда, жасөспірім зейнеткерді жақтап, автобустың еденін киімімен сүртті. Бейнеролик әлеуметтік желілерде тарап, Жаннұр Нұржанды қолдаған жүздеген пікір жазылды.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Задолбало в Таразе +18 (@ne_zamalchivay_v_taraze)

Серіктес жаңалықтары