Кісі өлтірді деген күдікпен Алматы қаласының тұрғыны іздестіріліп жатыр

Кісі өлтірді деген күдікпен Алматы қаласының тұрғыны іздестіріліп жатыр

Кісі өлтірді деген күдікпен Алматы қаласының тұрғыны іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
50894
Шымкент полицейлері кісі өлтірді деген күдікпен Алматы қаласының тұрғыны Тасымов Бекзатты іздестіріп жатыр. Бұл туралы otyrarkz жазды, деп хабарлады turkystan.kz. 2007 жылдың сәуір айында Жангелдин көшесінің бойында көпқабатты үйдің жанынан 1978 жылы туған, оқ жарақатын алған ер адамның мәйіті табылған. Бұл хабар әл-Фараби АІІБ-нің 102 пультіне келіп түскен. Полицейлер кісі өлтірушіні анықтау үшін барлық қажетті шараны қолданды. Салдарынан жедел уәкілдер Алматы қаласының тұрғыны, 1979 жылы туған Бекзат Тасымовтың ізіне түскен. Алайда ол әлі де қылмыстық қудалаудан жасырынып жүр. Белгілері: көзі қоңыр, қасы қалың, бойы 175-178 см шамасында. Қылмыскердің жүрген жері туралы қандай да бір мәлімет білетіндер мына телефондарға хабарласуына болады: 102 ПД Шымкент қаласы, 8(7252)33-98-42, 97-63-66, 97-60-09 және ұялы телефон 7027577957.

Серіктес жаңалықтары