Ел тұрғындарына 11 қыркүйекте қауіпсіз жерде болу керек екені ескертілді

Ел тұрғындарына 11 қыркүйекте қауіпсіз жерде болу керек екені ескертілді

Ел тұрғындарына 11 қыркүйекте қауіпсіз жерде болу керек екені ескертілді
ашық дереккөзі
50325
Төтенше жағдайлар министрлігі 11 қыркүйекте елімізде сейсмикалық жаттығулар өткізілетінін мәлім етті, деп хабарлады turkystan.kz.
«Тұрғындарды белсенді қатысуға шақырамыз. Сейсмикалық жаттығулар барысында тұрғындар жойқын жер сілкінісі кезіндегі өзін-өзі ұстау ережелерімен танысып, қауіпсіз орындарды анықтау, зардап шеккен халықтың қабылдау пункттеріне жиналуы сияқты кейбір іс-әрекеттерді іс жүзінде пысықтайтын болады. «Баршаның назарына!» сигналын естіген кезде сабыр сақтаңыздар», - делінген министрлік хабарламасында.
Министрліктің мәліметінше, тұрғындарға мүмкіндігінше ғимараттан шығу қажет. Ал ғимараттан шығу мүмкіндігі болмаған жағдайда қауіпсіз жерді паналай тұру қажет.
«Сейсмикалық жаттығулар «Жер-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – халықты жер сілкінісіне дайындау, оларға жалпы қауіпсіздік мәдениетін үйрету, сонымен қатар азаматтық қорғау күштерінің жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттерге әзірлік деңгейін арттыру", – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Сейсмикалық қауіпті өңірлерде жаттығулар сағат 10:00-ден 11:00-ге дейінгі аралықта өтеді.

Серіктес жаңалықтары