Коронавирустың жаңа штамы өршіп келеді – ДДСҰ

Коронавирустың жаңа штамы өршіп келеді – ДДСҰ

Коронавирустың жаңа штамы өршіп келеді – ДДСҰ
ашық дереккөзі
50503
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы коронавирустың EG.5 D-19 штамы өршіп келе жатқанын ескертті, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ұйым басшысы Тедрос Адханом Гебрейсус солтүстік жарты шарда қыс мезгілі алдында «алаңдайтын үрдістер» байқалып отырғанын айтты. Оның айтуынша, Таяу Шығыс пен Азияда өлім-жітім артып келеді, ал Еуропада коронавирустың осы нұсқасын жұқтырып, қарқынды терапия бөліміне түскен науқастар саны өсіп, бірқатар аймақта ауруханаға түскендер саны көбейген. Ұйымның COVID-19 вирусымен күрес жүргізу жөніндегі техникалық жетекшісі Мария Ван Керкхове «бұл нұсқа айналымдағы басқа штамдарды ығыстырмайтынын» және бұл жағдай ұйымды қатты алаңдатып отырғанын айтты. Гебрейесус «COVID-19 вакцинасының дозасын алмаған адамдар арасындағы иммундау деңгейінің төмендігі – үлкен проблемалардың бірі» екенін атап өтті.
«Егер сізге вакцинаның қосымша дозасын алу ұсынылса, тартынбаңыз», - деп қосып өтті ДДСҰ басшысы.

Серіктес жаңалықтары