50437
Президент Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айтты
Президент Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айтты
Мемлекет басшысы Марокко Королі VI Мұхаммедке көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Марракеш-Сафи аймағында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Мұхаммедке көңіл айтты.
«Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге, сондай-ақ бауырлас Марокко халқына көңіл айтамын», - деп жазылған жеделхатта.