51263
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа міндеттер жүктелуі мүмкін
Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жаңа міндеттер жүктелуі мүмкін
Ашық НҚА порталында Мемлекет басшысының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қосымша құзыреттер беруді көздейтін Жарлығының-жобасы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлады turkystan.kz.
Ашық НҚА порталында ведомствоға мына қызметтер берілетіні жарияланған:
- ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін, сондай-ақ азаматтық контингентiн мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы ұсыныс жасау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының профилактикалық есепке алуды жүргізу және профилактикалық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- техникалық барлауға қарсы іс-қимыл қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- ақпаратты және техникалық құралдарды қорғау тиімділігінің нормаларын және олардың қорғалуын бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;
- бөлінген бюджет шегінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақпаратты техникалық қорғау және мемлекеттік құпияларды қорғау саласында мамандар даярлау орталығында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстары бойынша оқытушылардың қызметін төлеу үшін 1 академиялық сағатының құнын белгілеу;
- ұлттық қауіпсіздік органдарының қарсы барлау, барлау, жедел-іздестіру қызметін және тергеу әрекеттерін психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
- ұлттық қауіпсіздік органдарында әскери қызметшілердің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының талаптарын сақтауына тексерулерді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;
Жарлық-жоба 19 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.